Адвокаттар

НАЗХАНОВ ТАИР КУЗЕКОВИЧ Басқарушы серіктес

Мүшелік:

Алматы қалалық адвокаттар алқасы. Адвокаттар форумы. Адвокаттар кеңесі.

Білімі және жұмыс тәжірибесі:

  • 1989 ж.

    Алматы қ. №16 орта мектепті бітірген.

  • 1989-1994 жж.

    Қазақ Мемлекеттік университеті, филология факультеті, мамандығы «Орыс лингвистикасы».

  • 1991-1997 жж.

    Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетіне түскен, мамандығы «Құқықтану».

  • 1995-1998 жж.

    Ішкі істер бөлімінің аудандық бөлім тергеушісінен ҚР ІІМ орталық аппаратының аса маңызды істері бойынша тергеушісіне дейін сәтті көтерілген.

  • 1998-1999 жж.

    «Алаутрансгаз» АҚ заңгері.

  • 1999 ж.

    Алматы қалалық адвокаттар алқасы.

  • 2007 ж.

    Адвокаттардың қоғамдық форумын жасаушы.

  • 2008 ж.

    «Назханов и Партнеры» Адвокаттық конторының құрылтайшысы болып табылады.

  • 2012 ж.

    Blackstoneinstitute (Пенсильвания, АҚШ), азаматтық сот ісін жүргізу, сертификат.

  • 2013 ж.

    Мемлекеттік Департамент, ұйымдасқан қылмыспен күрес әдістері бойынша тренинг (Вашингтон, Невада, Нью-Йорк, Атланта, АҚШ), сертификат.

  • 2013 -2014 жж.

    Лондон университеті, QueenMary, халықаралық сауда құқы бойынша магистратура, PgDiplomainLaw .

  • 2014 ж.

    International Chamber of Commerce (Париж, Франция), Арбитраж, сертификат.

  • 2014 ж.

    BirkbeckCollege (Лондон, Ұлыбритания), ағылшындық жалпы құқық, сертификат.

Мамандану:

  • Защита интересов и консультации предпринимателей, руководителей, бухгалтеров при расследовании уголовных дел.
  • Представление интересов компаний в судах.
  • Істерді қорғауы – қылмыстық іс бойынша теміржол корпорациясының қаржы директорын. Қорғалушыға 2,5 млрд. теңге ұрлады, салық төлеуден жалтарды, өтірік кәсіпкерлікке араласты деген  айып тағылған. Москвадан Алматыға әкелінген, факт бойынша бір жарым жыл түрмеде отырған. Сот процесі бірінші сот инстанциясында алты айға дейін созылған. Қорғау тарапынан көлемі он томнан тұратын материалдар ұсынылды. Нәтижесінде ҚР ҚК 176, 177, 192,235 баптары бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, ал ҚР ҚК 222 бабы бойынша қорғалушыға амнистия жарияланды.
  • Қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылуына байланысты, қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды деп айыпталушы, кеден қызметінің инспекторы А-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қорғалушыға алты айдан кейін тұтқынға алынуы ешқайда кетпеу туралы жазылымға ауыстырылды, ал соңында қылмыстық іс қорғаушының белсенді ұстанымы нәтижесінде тоқтатылды.
  • Алдау жолы арқылы мүліктік зиян келтірді деп айыпталған, құрылыс компаниясының вице-президенті Г-ға қатысты қылмыстық іс қадағалау сот инстанциясында тоқтатылды. Жәбірленушінің дәлелдері қорғаушымен ұсынылған фактілік мәліметтермен теріске шығарылды, және т.б.

Қазақстандық адвокаттар тәжірибесіне pro-bono идеясын енгізуді,  яғни заңды қайырымдылық көмек көрсетуді белсенді жақтаушылардың бірі болып табылады. Оның көмегі арқылы 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстанда алғаш рет өзі жасаған сайтта онлайн-режимінде ақысыз түрде құқықтың әр түрлі салалары бойынша 10 000 кеңес берілген.

5 000 дана тиражымен «Юридические консультации» кітабы шығарылып, кітапханалар мен тұрғында арасында тегін таратылған.

Отандық және шет елдік компаниялар арасында таратылатын, орыс және ағылшы тілдерінде ай сайын шығарылатын салық хабаршысы басылымының демеушісі болып табылады. Орталық Азияның Салықтық Зерттеу Орталығы (әрі қарай - Орталық) КИМЕП базасында құрылған. Бұл орталық қабілетті студенттерді салықтық құқыққа оқытады, аталған саладағы құқық қолдаун практикасын зерттеумен және дамытумен, салық салу саласындағы жетекші батыс заңгерлерінің  лекциялары мен семинарларын ұйымдастырумен айналысады.

Сонымен қатар 2011 жылы КИМЕП – те Заң клиникасын құрудың бастамашысы болды, ондағы Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. КИМЕП студенттері қаржылай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ақысыз түрде кеңес беру мүмкіндігіне ие.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі, болашақ заңгерлер адвокат іс-әрекетінің негіздері зерттелетін оның кеңсесіне өндірістік тәжірибеден өту үшін келеді. 2014 жылы «Қазақ Ұлттық Университетіне 80 жыл» мақтау медалімен марапатталды.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының тағылымдама орталығында жиі-жиі сабақтар өткізіп тұрады.

2009-2010 жылдар аралығында «Карапуз» интернет-форумында онлайн режимінде ақысыз кеңестер беріп тұрды.

Ақысыз негізде ондаған конференциялар, семиналра және ашық лекциялар ұйымдастырылды немесе қатысты.

БАҚ-та құқық пайдалану тәжірибесі бойынша ондаған мақала авторы болып табылады, құқық пайдалану тәжірибесі мәселелері бойынша теле және радио бағдарламаларға үнемі қатысып отырады, you vision, Forbes сайттарында блогтар авторы.

Қазақстан Республикасындағы заң шығарушылық іс-әрекетке қатысушы. Ол «Ақпаратқа қол жетімділік мәселелері бойынша ҚР бірқатар заңды актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеуге қатысты. 2013 жылы ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының мүшесі болып сайланды.

Ағылшын тілін еркін меңгерген. Ол Ұлыбритания елшілігімен Қазақстан Республикасындағы ағылшын тілді заңгерлер тізіміне кіргізілген. Қазақстандық заңдарды ағылшын әріптестеріне түсіндіру мәселелері бойынша Ұлыбританияның жетекші адвокаттық фирмаларымен қызмет жасайды, олармен бірге нақты қылмыстық және азаматтық істер бойынша бірлескен жобалар жүргізеді.

Халықаралық IUS аралық сотының, сонымен қатар  қазақстанның халықаралық арбитражының төрешісі болып табылады.

Үйленген, үш баласы бар.

Біз сіздің қиындықтарыңызды шешеміз!

Қоңырауға тапсырыс беру