Коммерциялық қызметті жүргізу кезінде кәсіпкерлер олардың және мемлекеттік органдар, серіктестер және контрагенттер арасында туындайтын әртүрлі шиеленісті жағдайларға жиі түсіп жатады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну бұзылған құқықтарды қорғаудың өркениетті тәсілі болып табылады. Алайда, туындаған шиеленістерді реттеуді одан да өркениетті әрі тиімді құралдары бар, оның ішінде ерекше назарға дауларды сотқа дейінгі реттеу ерекше назарға ие.

«Назханов и Партнёры» тәжірибелік мамандары жинақталған тәжірибесінің негізінде толық сенімділікпен коммерциялық даулардың басым көпшілігі бейбіт келіссөздерді жүргізу арқылы сот жүгіну қажеттілігінсіз барынша тиімді шешіле алатындығын растай алады. Біз клиенттерге барлық мүмкін соттан тыс процедуралардың толық кешенін қолданғаннан кейін әділетті сот жүйесінің өкілдерінің көмегіне жүгінуге кеңес береміз.

БІЗДІҢ КОМПАНИЯМЫЗДА ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУ ҚАРАСТЫРАДЫ:

  • Туындаған шиеленістің мұқият заңды талдауы
  • Білікті заң кеңес берулерін ұсыну
  • Ұсынылған құжаттарды (келісімшарттарды, актілерді, іскери хат алмасуларды және өзге қағаздарды) зерделеу
  • Серіктес, контрагент немесе мемлекеттік органдар мекен жайына негізделген және дәлелді шағымды даярлау
  • Шиеленістің екінші тарапымен келіссөздерді жүргізу
  • Туындаған даудың барлық тараптары үшін оңтайлы шешімді өңдеу
  • Қол жеткізілген келісімді заңды бекіту үшін қажетті құжаттардың толық жинағын даярлау
  • Даудың сәтті реттелуіне бағытталған өзге іс-шаралар

Жинақталған көп жылдық тәжірибе негізінде біз кәсіпкерлерге дауларды шешудің сотқа дейінгі тәртібін қолдануды ұсынамыз. «Назханов и Партнёры» адвокаттары коммерциялық қызметтің әртүрлі салаларындағы дауларды бейбіт реттеу бойынша келіссөздерді жүргізудің мол тәжірибесіне ие.

Біздің мамандар кәсіпкерлік қызметті жүргізудің ерекшеліктерін жақсы түсінеді, барынша өзекті сот тәжірибесімен өте таныс, сонымен бірге шиленістің қос тарабы үшін дауларды шешудің оңтайлы нұсқаларын даярлау дағдыларына ие. Біз Сізге кеңестер мен ұсыныстар беріп қана қоймаймыз, сонымен бірге даулардың сотқа дейінгі реттелу саласындағы нақты әрекеттермен көмектесе аламыз. Біз дауды сотқа дейінгі реттеу – бұл шиеленістерді шешудің үздік тәсілі екендігіне сенімдіміз.

«Назханов и Партнёры» авдокатының дауды реттеу кезіндегі қатысу құны әрбір жағдайда жеке айқындалады.

 

Біз сіздің қиындықтарыңызды шешеміз!

Қоңырауға тапсырыс беру