Кибербуллинг-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдана отырып, қорқыту және қорлаудан тұратын адамның іс-әрекеті.
Әлеуметтік желілерде жала жабу әрекеті -әкімшілік құқық бұзушылық, ал қорлау-қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Бостандық пен пікір білдіру құқығы абсолютті емес, олар басқа адамдардың құқықтарын бұзғанға дейін. Сондықтан, заңда адамды ар -намысына тиетін ақпарат таратудан қорғаудың әртүрлі тәсілдері қарастырылған.
1.Қорлау үшін қылмыстық қудалау
Қорлау — жеке айыптау ісі, мұндай істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы жәбірленушіге — жеке айыптаушыға жүктеледі.Дәлел ретінде нотариустың тексеру хаттамасымен ресімделген, интернетте таратылған хабарламалар, аудио немесе бейне, сондай-ақ мәлімдеменің қорлайтын болып табылатындығы-табылмайтындығы жөнінде маманның қорытындысы дәлелдемелер болуы мүмкін. Сот практикасы мен статистикалық мәліметтерді қарастыра отырып, жеке адамның мүдделерін сот нашар қорғайды деген қорытындыға келуге болады. Сондай -ақ, қорлау теріс қылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ұмытпау керек.
2. Әкімшілік іс жүргізуде жала жабу
2020 жылы жала жабуды декриминализациялау орын алды, қылмыстық қылықтардан жала жабу әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өтті. Адам өзінің іс-әрекетінде келесі үш фактор болған кезде жала жаба алады: 1. Ақпараттың таратылуы. 2. Бұл ақпараттың жалған екенін түсінуі. 3. Бұл ақпараттың жала жабу сипаты. Құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттамаларды учаскелік инспектор толтырып,сотқа жібереді. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі бар болғаны 2 айды құрайды, сондай-ақ учаскелік инспектордың арнайы білімі мен құзыреттілігі болмағандықтан, сараптама тағайындау және басқа дәлелдер жинау арқылы хаттаманы сапалы дайындауға уақыт жетпейді. Сотқа сапасыз хаттамалар келіп түседі, олар көп жағдайда қайта қарауға жіберіледі. Осылайша, жала жабуды декриминализация құқықтық қорғаудың тиімсіздігіне және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға конституциялық құқығын бұзуға әкеледі.
3.Азаматтық-құқықтық қорғау.
Істердің санаты бойынша таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі. Талап қоюшы өзіне талап қойылған адамның өзіне кір келтіретін мәліметтерді тарату фактісінің өзін ғана дәлелдеуге міндетті, бұл ретте ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігінің дәлелдемелерін де ұсынуға құқылы. Егер статистиканы қарайтын болсақ, сотта осы санаттағы істер бойынша ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың ең тиімді және әділ құралы талап арызбен сотқа жүгіну болып табылады. Жоғарыда көрсетілген барлық үш құқықтық қорғау құралдары туралы қосымша ақпарат алу үшін оқырмандар Тайыр Назхановтың «Кибербуллингтен құқықтық қорғаныстың түрлері» практикалық нұсқаулығымен таныса алады.