Кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысу құқығына рұқсат алуды талап ететін қызметтің келесі түрлері бар, ол лицензия.
Лицензия – белгілі бір іс-әрекеттерді орындау құқығы.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлері лицензиялануға жататындығы көрсетілген. Бұл: 1) телерадиохабарларын тарату; 2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; 3) білім беру; 4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; 5) көмірсутектер; 6) өнеркәсіп; 7) ақпараттандыру және байланыс; 8) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы; 9) денсаулық сақтау және т.б.;
Мысалы, егер сіз ультрадыбыстық медициналық қызметтер немесе стоматологиялық қызметтер көрсететін болсаңыз, онда мұндай қызметтер міндетті түрде лицензиялауға жатады. Мұндай қызметтерді тиісті лицензиясыз жүзеге асыру, бұл қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Осылайша, лицензиялауды талап ететін кәсіпкерлік түрлері бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығыңыз жоқ болып қана қоймай, сонымен қатар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңнаманы бұзғаныңыз үшін де жауапкершілікке тартыласыз. Осыған байланысты, кәсіпкерлік қызмет үшін осы немесе басқа саланы таңдамас бұрын адвокаттармен хабарласып, осындай қызметпен айналысуға болатын-болмайтындығы туралы кеңес алуды ұсынамын.