Тексерілмеген серіктеспен жұмыс істеу және оны қалай жауапкершілікке тарту керек?

Әрбір кәсіпкер өз қызметінде сатып алу-сату,жеткізу және тағы да басқа әртүрлі шарттар жасайды.

Тексерілмеген серіктес контрагентпен шарт жасасу кезінде белгілі бір тәуекелдер бар, атап айтқанда: — шарттық міндеттемелерді орындамау (мысалы: тауарды жеткізбеу, қызмет көрсетпеу); — үлкен қаржылық шығындар, сапасыз тауарларды сатып алу; — сізді қылмыстық іс жүргізуге тарту (мысалы: жымқыру, салық төлеуден жалтару).

Сондықтан оларды азайту үшін контрагенттің сенімділігін тексеру қажет, яғни келісім жасамас бұрын, міндетті түрде: — заңды тұлға болған жағдайда кәсіпорынның жарғысының көшірмесін сұрап, оны тексеру; — электрондық үкімет порталынан заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы анықтаманы сұрап, тексеру; — контрагент атынан әрекет ететін тұлғалардың өкілеттіктерін міндетті түрде тексеру; — қызметті жүзеге асыру үшін тиісті лицензиялардың, жабдықтардың болуын тексеру; — жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізбесі бойынша тексеру; — дәрменсіз борышкерлердің тізімін тексеру; — берешекті ұзақ уақыт өтемейтін борышкерлердің белгілі бір санаттарының тізімін тексеру; — кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін тексеру; — контрагенттің Мемлекеттік кірістер комитетінің іздеудегі тізімін тексеру; — контрагенттің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне бар-жоғын тексеру; — контрагенттің терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуын тексеру; — атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімін тексеру (шығуға тыйым салу); — салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салу.

Егер контрагентті тексеру кезінде тәуекелдерден аулақ болу мүмкін болмаса және жосықсыз контрагентті жауапкершілікке тарту қажет болса, онда ең алдымен дәлелдемелер жинау қажет, оған мыналар жатады: жасалған шарт, контрагентпен хат алмасу, салыстыру актілері және т.б.

Контакты

Адрес
Республика Казахстан, 050000,
г. Алматы, ул. Мауленова,
дом 111, 1 этаж, 38 офис.
Телефон
+7 727 266-61-50
+7 778 423 57 38
Эл. почта