Полиция қызметкерлері ұстаған жағдайда не істеу қажет?

Бірден нақты ұсталған уақытыңызға назар аударыңыз және есте сақтаңыз. Ішкі істер органдарының кезекші бөліміне жеткізілгеннен кейін жеткізілген адамдарды есепке алу кітабында кезекшінің ұстау уақытын дұрыс жазғанын қадағалаңыз.

Сізге қатысты іс жүргізу барысында жеке тінту хаттамамен мұқият танысу қажет. Хаттамада заттардың немесе құжаттардың қай жерде және қандай жағдайда табылғанын, олар өз еркімен берілгенін немесе мәжбүрлеп алынғанын көрсету керек екенін есте сақтаңыз. Алынатын барлық заттар хаттамада саны, өлшемі, салмағы, жеке белгілері және мүмкіндігінше құны нақты көрсетіле отырып тізімделуі тиіс. Қалтаңыздан заттарды өзіңіз алыңыз. Әйтпесе, полиция қызметкерлері сіздің қалтаңызға есірткі, оқ-дәрі және т. б. салуы мүмкін.

Егер нақты ұсталған сәттен бастап үш сағаттан астам уақыт өткен болса, ұстау хаттамасын жасауды талап етіңіз.

Ұстауды жүзеге асыратын адамнан, яғни тергеушіден немесе анықтаушыдан болған жағдай туралы туыстарыңызға хабарлауды немесе Сізге осындай мүмкіндік беруді талап етіңіз. Күдіктіні ұстау және оның тұрған жері туралы заң бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біреуін, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарын немесе жақын адамдарын кідіріссіз хабардар етуге немесе күдіктінің өзіне мұндай хабарлау мүмкіндігін беруге міндетті.

Ұсталған күдікті өзінің тұрғылықты немесе жұмыс орны бойынша өзінің ұсталғаны және ұсталған жері туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу хабарлауға құқылы.

Сіздің туыстарыңыз заңгерлік көмек туралы жазбаша келісім жасасуы керек адвокатсыз ешқандай куәлік бермеу өте маңызды. Сіз бірінші жауап алғанға дейін адвокатпен жеке және құпия кездесуге құқығыңыз бар. Ұстау мерзімі ұсталған сәттен бастап 72 сағаттан аспауы керек.

Ұсталған сәттен бастап 72 сағат ішінде күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сайлануы немесе ол босатылуға тиіс.

Есіңізде болсын, ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес сіз өзіңізге, жұбайыңызға және жақын туыстарыңызға қарсы айғақтар беруге міндетті емессіз.

Байланыс

Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, 050000,
Алматы қ., Мәуленов көшесі,
111-үй, 2 кіре беріс, 1 қабат, 38 кеңсе
Телефон
+7 727 266-61-50
+7 778 423 57 38
Электронды пошта