Жарнама туралы заңнаманы бұзу:

Жарнама –бұл бизнесті алға жылжытудың және оның қызметіне назар аударудың қажетті құралы болып табылады.

Ең алдымен, «Жарнама туралы» Заңда бекітілген жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар бар екенін білу керек.

Жарнамаға қойылатын талаптармен қатар, біздің заңнамамызда жарнамада мыналар болмауы керектігі де қарастырылған: – жарнамаланатын тауарларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi болмауы керек; – басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмауға тиіс; – елдің Заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарларды жарнамалауға; – ұлттық аза тұту күндері жарнама жасауға, сондай-ақ “Жарнама туралы” Заңның 7-бабында көзделген өзге де талаптарды жасауға болмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді басылымдарды, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс және басқа тілдерде де таратылады.

Жарнама мазмұнының аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.

Жарнаманың мәтіні «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес болуы керек. Жарнамаға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әртүрлі айыппұлдар түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен, жарнама нысаны жағынан да, мазмұны жағынан да заң талаптарына сәйкес болуы керек. Жарнама өнім немесе қызмет туралы ақпаратты жасырмауы немесе асыра көрсетпеуі керек, яғни ол тиісті жарамды ақпаратқа негізделуі керек. Бұл жағдайда жарнаманы орынсыз деп тану тәуекелдері азаяды. Осыған байланысты, жарнаманы іске қоспас бұрын оның жарнама заңнамасының талаптарына сәйкестігіне заңды талдау жүргізу ұсынылады.

Байланыс

Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, 050000,
Алматы қ., Мәуленов көшесі,
111-үй, 2 кіре беріс, 1 қабат, 38 кеңсе
Телефон
+7 727 266-61-50
+7 778 423 57 38
Электронды пошта